Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШЕТЕЛДЕ ТЕГІН БІЛІМ АЛУ МҮМКІН

13-ші қазан күні Алматы қаласында, Rixos қонақ үйінде "Study UK" білім көрмесі өтті. Аталған іс-шараға 50ден астам ЖОО-ы мен жоғарғы мектеп өкілдері қатысты. Көрме барысында университеттер мен мектептерде оқу және түсу процесстерімен таныстырумен қатар, тіл мамандары халықаралық емтихандарды сәтті тапсырудың қыр-сырларымен бөлісті.

Көрме ұйымдастырушылары - Британдық консулдық. Ал басты мақсаты - Қазақстан оқушылары мен студенттерінің мүмкіндіктерін арттыру.

Шараға Лондон қаласынан арнайы келген "SFO" компаниясының SMM-менеджері Р.Давидтың айтуы бойынша, шетелде білім алып, тәжірибе жинаған студент өз елінде сұранысқа ие, мықты маманға айналмақ. Сондықтан да, көрменің біздің жастарымыз үшін маңызы айтарлықтай мол болды.

Айтпасқа болмас, ұйымдастыру деңгейі жоғары болды. Көрмеге кірер-кірместен күтіп алушылар, жол сілтеушілер тұрады. Өзге де сұрақтар бойынша әрбір бөлім алдында ұйымдастырушы адамдар болды. Одан бөлек, қонақ үй атынан тегін кофе-брейк өткізілді.

Керекті ақпарат пен қосымша сұрақтар келесі сілтеме бойынша:

https://www.britishcouncil.kz › about › contact

#көрме #грант #british_council

1
0
550

Еще по теме

ШЕТЕЛДЕ ТЕГІН БІЛІМ АЛУ МҮМКІН - Yvision.kz