Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

шекаралық аймақтарға бейбіт өмірді қалай сақтай аламыз?

    Тәуелсіздік  алғанымызға  32  жылдан  астам  уақыт  өтседе,  Теріскей  халқы  әлі  күнге  дейін  өздерін  толыққанды  Қазақстан  азаматтарымыз  деп  сезінбейді. Өйткені  көретіндері,  тыңдайтындары  империялық  келбетінен  арылмаған  Ресей  теледидары, оқитындары  орыс  тіліндегі  газет, журналдар.  Халық  үлесінің  үштен  бірін  құрайтын  қазақтардың  өзі  әлі  күнге   дейін  өзара  орысша  сөйлеп,  кеңес   заманында  қалыптасқан  әдет-ғұрыптармен  өмір  сүруде,  кейбіреулері  теледидардан құйылып  тұрған  насихаттың  салдарынан  Ұлы  державаның  азаматы  болуды  көксейді. Патша  заманындағы  Колиивщина, Запорожская  Сечь  талқандалғанда  жер  аударылған  украин  казактарының  ұрпақтары  бүгінде орыстанып,   В. Путиннің  Украинадағы  агрессиялық  әрекеттерін  қолдайды.

     Ұлттық  мемлекеттің  шекараларын  бекемдеу  үшін  Қазақ  еліне  адал  патриоттар  қажет.  Қазіргі  жағдайда  қазақ  теледидарын  көрмейтін, тыңдамайтын  адам  ешқашанда  Алаш  жерінің  патриоты  бола  алмайды. Олар  Мәскеудің  билеушілерінің  насихатына  еріп,  рухани  Ресеймен  бірге  өмір  сүруде.

   Оңтүстіктен  Теріскейге  бағытталған  мемлекеттік  көші-қон  бағдарламасы  неге  орындалмайды? Бүгінгі  көші-қон  бағдарламасы  жан-жақты  сарапталмаған.  Сондықтан  бірен-саран  Солтүстікке  көшіп  келушілер  рухани  орта  таба  алмай,  тұрмыстық  жағдайын   жасай  алмай  кері  көшуде.

    Әр  адам  өз   қалауынша  жер  шарының  кез  келген  елінде  тұруына  хакілі. Ол  таңдаған  «жерұйығының» ұнайтын  жағдайы, заңдары  болады.  Керісінше,  ұнамайтын  жақтары  да  болады. Бірақта  әр  шекара  аумағында  тұрған  адам   мемлекеттің  заңдарына  бағынып,  сол   елдің  мемлекеттік  тілін  силауға  міндетті. АҚШ-та  тұрған  адам Америка  конституциясына  бағынып,  ағылшын  тілін  силау  тиісті.  Ресей  тұрғыны  сәйкесінше  елдің  Ата  Заңын  орындап,  орыс  тіліне  құрметпен  қарауға  міндетті. Егер  бұл   елдердің  заңдары  мен  тілдері  ұнамаса, басқа  елге  көшіп  кетуге  құқылы.

    Шет  ел  насихат  бағдарламаларын  бойларына  сіңіріп  алған  Петропавл  тұрғындары Зудерман В., Бережнова О., Болдырева Е., Капарова М. тағы  сол  сияқты 19 адам  өзара  келісіп,  облыстың  заңдары  мен  тілі   ұнамайды  деп,  Қазақстанды  бөлшектеу  мақсатымен,  «Народный  Совет  трудящихся» сепаратистік  ұйымын  құрып  алған. Төңірегіне  әр  түрлі  себептермен  қала  билігіне  өкпелері  бар  адамдарды  жинақтаған. 

    Бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстанның   шекарасын  Кеңес  Одағының   негізін  қалаушысы В. Ленин  мен Қазақстан өкілеттігін  басқарған  Әлихан  Бөкейханов  пен  Әлімхан  Ермеков  ұзақ  дискуссиялар  нәтижесінде  1920 жылы  белгілеген. Бұл  шекара  сызығы  1991  жылға  дейін  көптеген  құжаттарда  бекітілген,  делимитациядан  өткен, БҰҰ  мойындаған. Неліктен  қайдағы  бір  шала  сауатты  автослесарь  бұл  актлерді  жоққа  шығарып,  мемлекеттік  шекараны  өзгерту  керек? Кім  оған мұндай өкілеттік  берген?  Неге  В. Зудерман  мен  оның   достары  «жерұйықтарын»  тауып, ұнаған  елдеріне  көшіп  кетпейді?

      Бүлік  жасағысы  келіп,  «декларация»  құрастырған  4  қылмыскерге  Петропавл  қалалық  соты  28. 11. 2023 ж.  7 жылдан  9 жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  жазасын  кесті.  Бұл  өте  әділ  жаза!

    Петропавлдағы  бұл  әрекеттерден  кейін  мемлекет  ел  шекарасын  қорғау  үшін  жедел  шаралар  қолдану  тиіс. Ең  алдымен  Қазақстанды  сүйетін, жерлерімізді  жаулардан  қорғай  алатын,  нағыз  патриоттарды  шекараларымызға   шоғырландыру  керек.                                                                                                        Көші-қон  шаралары  барысында  біз  неге  Ресейдің  тәжірибесін  пайдаланбаймыз.         Патша  заманында  қоныс  аударылған  әр  этникалық  топтардың  (украин, литва, татар,  башқұрт, терек,  ноғай, қалмақ, грек, осетин)  өкілдері  казактар  қатарына  қабылданып,  әскери  қызметке  алынатын,  жалақы  тағайындалатын.  Әр  казактың  меншігіне  жер  беріліп,  отбасын  құрып,  үй  шаруашылығын  жүргізуге  рұқсат  берілетін. Казактар  христиан  дініне  қабылданып,  шіркеу  салынатын. Әр  казактың  міндеті  шекараны  қорғап, мемлекетке  адал  қызмет  ету  болатын. Нәтижесін  біз  білеміз – Ресей  империясының  аумағы  Жер  құрылығының  алтыдан  бір  бөлігін  құрады.

     Кеңес  заманында  Орталық  Азияның,  шығыс  аймақтарды,  Қиыр  Шығысты  қоныстандыру  үшін  кең  көлемді  үгіт-насихаттық   науқандар  жүргізілген:  «Тың  жерлерді  игеру», «Байкал-Амур  теміржол  магистралі»,  ірі  индустриалды    құрылыстары, т.б. Бұл  науқанға  көбіне  жастар  тартылған.  Романтикаға  толы комсомол  жастар  жаңа  жерлерді  игеру, ірі  индустриалды  құрылыстарға  қатысуды  ерлікке  балаған.  Жастарды  жаңа  жерлерге  қоныстандыру  үшін    отбасын  құрамыз  деген  жастарға  комсомол  тойы  өткізіліп,  кезектен  тыс  жеке  бөлме  берілген.

    Барлық  науқандарда  (құрылыс,  қоныс  аудару,  соғыс)  қылмыс  жасап  абақтыларда  отырғандарды  кең  пайдаланған. Оларға  науқанға  қатысқаны   үшін  амнистия  жарияланып, жазалау  мерзімін  қысқартып,  ерте  бостандыққа  шығарған  (УДО).

    Жаңа  жерлерге  қоныстанушылардың  арасында  ауқымды  «патриоттық» үгіт-насиқат  жүргізіліп, тегін  баспана,  қолайлы  жұмыс  беріліп, көтерме  несие  төленген.

    Оңтүстіктен  Теріскейге  көшіп  барушылар,  балаларына  орналастыратын   қазақша  бала  бақша, ана  тілінде  оқитын  мектеп  таба  алмай  әуре-сарсанға  түседі. Қазақ  тілін  шала  білетін  жергілікті  бастықсымақтар  қоныс  аударушыларға  жергілікті  жағдайдың  ерекшелігін  түсіндіріп  те  бермейді. Мысалы  Теріскейде  тұратын  адамға  ұзақ  қыстың   қамын  ерте  ойлап,  малдың  жем-шөбін, үйді  жылытуға  қажетті  ағаш  пен  көмірді  жаздан  дайындау  керек. Оған  қоса  Оңтүстік  пен  Солтүстіктегі  алшақтықтары  бар  халықтық  мерекелер  мен  діни  салт-дәстүрлерді  өткізу.  

     «Кедейге   балық  берме, қармақ  беріп  балық  аулауды  үйрет», – деген  халықтың  даналығы  бар. Жергілікті  билік  көшіп  келген  адамға 1,2,3 реттік  көмек  бергеннен  гөрі  қолынан  келетін  жұмысқа  орналастыру  керек. Сонда  ол  өзінің  отбасының  қажеттілігін  өз  еңбегімен  табар  еді, тұрмысын  жақсарту  үшін басқа  да  жолдар іздер  еді. Күнгейден  Теріскейге  адамдарды  ағайындарымен  бірге  топпен  көшірген  дұрыс. Сонда  ғана рухани  орта  пайда  болып,  адамдар  келген  жерлерінде   тұрақтанып  қалады.

   Оңтүстік  бауырлас  республикаларда  өз  елдерінде  екі  қолына  жұмыс  таба  алмай  қиналып  жүрген  түбі  бір, тілі   бір,  діні  бір  өзбек, қарақалпақ,  қырғыз  бауырларымыз  бар. Олар  күнкөрістің   қамын  ойлап,  жұмыс  іздеп  сонау Мәскеуге,  Сахаға,  Қиыр  Шығысқа  асып  кетеді. Біздің  билік  оларды  Петропавл жеріне  неге  қоныстандырмайды. Қазаққа, қырғызға,  өзбекке, қарақалпаққа  шаруашылық  жүргізуге  тілмаш  қажет  емес.  Балалары  бір  мектепте  оқи  береді, ақсақалдары  бір  мешітте  Құдайға  сиына  алады. 

 

                                                                  Амангелді  Елтін,  Павлодар қ.

                                                 

             

      

1
0
870

Еще по теме

шекаралық аймақтарға бейбіт өмірді қалай сақтай аламыз? - Yvision.kz