Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Шатырлы лагерь

Шатырлы лагерь

АҚ «Қазақстандағы Скауттық Қозғалыстың Ұйымы» МОО «ДМЦ «Шанырак» ұйымымен бірігіп 20 жыл бойы Павлодар облысың балалары мен жастары үшін шатырлы лагерьлер ұйымдастырып келе жатыр. 2015 жыл да артта қалмады.

Жақында біз Павлодар облысының әдемі демалыс орнына, Айтым ауылына барып қайттық. Дәл осындай, көптеген шатыр тігуге мүмкіндік берер, Ертіс жағасындағы тамаша жер, белсенді демалушылырдың көзін баурап, қызықтырған болатын. Күннің шынжыған сәулелері, гитарада шырқалған әсем әндер, жайдарлы, көңілді ойын-сауықтар, фандайзинг идеялары, тренингтер, арқанға өрлеу мен тимбилдингтер, алау, тамаққа толы қазан, шөліңді қандыратын салқын су, бәрі қол астында.

Соған қоса жастардың Ертіс өзенінде емін-еркін шомылуға мүмкіндігі де бар. Осындай достық қарым-қатынас жақсы сезінетін, жайлы әрі жылы ахуал тек өзіне жақындата берді. Бұл жастардың түпкі туған жері сол сәтте маңызды емес еді, Ақтоғай ауданы болсын немесе Лебяжье, олардың барлығын бір жерге шоғырлап, араларындағы жылы лебіздерін сездірткен да, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуды үйреткен де осы – лагерь.

 
0
0
2178

Еще по теме

Шатырлы лагерь - Yvision.kz