ШАРУАНЫ ҚОЛДАУ ҰЛҒАЙМАҚ
"Nur Otan" партиясынан Созақ аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер ретінде Жеңісәлі Төлепбергенов пен Әлжанов Ролан бірқатар шаруа қожалықтарында болып қайтты. 2025 жылға дейінгі кезеңде еліміздің, өңірдің, ауданымыздың ауылшаруашылығы саласында атқарылар істер жайын баяндадық, шаруаны қолдау "Nur Otan"-ның басты басымдықтарының бірі болатынын жеткізді. Бүгінде ауданда 250 мыңға жуық майда мал, 28 мыңға жуық жылқы, 25 мыңдай мүйізді ірі қара, 14 мыңдай түйе өсіріледі. Үкіметіміз тарапынан шаруаларға үнемі қолдау көрсетіліп келеді және бұл бағыттағы жәрдем жалғаса беретін болады. Шопан ата жолымен жүрген жерлестерді партиямызға дауыс беруге шақырып, үгіт-насихат материалдарын ұсынды.
