ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық қоғамдық штаб мүшелері М.Ибраев және Б.Қазиханов Теректі ауданы Новопавловка ауылының ауылының аумағында орналасқан «Мадиев» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті.
Ауылшаруашылық саласының өкілдерімен кездесу барысында штаб мүшесі Б.Қазиханов кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен жан-жақты таныстырды. Батыл реформа, серпінді экономика, мықты әлеуметтік саясатты көздейтін сайлауалды бағдарламаны кеңінен тарқатып, түсіндірген штаб мүшесі Білікбай Құбайысұлы әсіресе қарапайым қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, табысын артыруға айрықша басымдылық берілгендігін тілге тиек етті.
Кездесу соңында аталмыш шаруа қожалығының жұмысшылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, аманаттарын жолдады.
#Toqaev2022
