Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Шарджа

Шарджа - керемет жағажайларымен, кез келген талғамға сай мейманханаларымен, айгілі Шығыс ел базарларымен, балық базарымен, нанғысыз атракциондарымен, сонымен қатар бұл ең қатал заңдарымен танымал әмірлік.
Шарджа - Біріккен Араб Әмірліктерінің мәдени орталығы болып табылады.

Шарджа әмірлігінде міндетті түрде:
1. Шейх Фэйсал мешітін
2. "AdventureLand" саябағын
3. "Golf және Атқыштар" клубін
4. "Discovery Centre"
5. Шарджа Ислам өркениетінің мұражайын
6. Шарджа Ата-Мұра мұражайын
7. Шарджа Аквариум
8. Балық базарын
9. Үнді мұхитын
10. Млейха археологиялық орталығын көргеніңіз абзал.

1. Шейх Фейсал мешіті Қалалық базардын жаңында. Бұл мешіт Ислам архитектурасының жауһар туындысы. 3000 адам сыйдыратын, ауданы 5000 шаршы метр, бұл мешіт шынымен ғажап ғимарат.

2. «Adventureland» саябағы Шарджа Центр сауда ойын-сауық орталығының 1 қабатында орналасқан.

3. Шарджа Golf&Shooting club оратлығында сіздер гольф немесе пэйнтбол ойнап, тамаша уақыт откізуіңізге болады.

4. Discovery Centre Sharjah Халықаралық Әуежай маңында ораналасқан. Дискавери центр орталығына балаларыңызбен барғаныңыз жөн. Бұл тек ойын-сауық орталығы ғана емес, бұл интерактивті жәдігерлері бар ғылым және технология мұражайы.

5. Шарджа Ислам өркениет мұражайы

7. Шарджа Аквариум

8. Балық базары

9. Үнді мұхиті

Феджейра әмірлігінде орналасқан Аль Бидя мешіті. 1446 жылы салынған.

Айгілі Oceanic мейманханасы. Түскі асымыз осы жерде өтпек.

Жаттығу жасау орталығынан керемет көрініс ашылады.

10. Млейха археолоялық орталық.

Археолигиялық мұражай қызметкерлері бізге гид болды.

Млейха археологиялық орталығының маңында ғажайып құм төбелер бар. Ендеше сафариға аттанлдық.

Шарджаға демалуға кез келген мезгілде келу тиімді - жыл бойы бұл жерде ауа райы күнге толы. Экскурсиялық демалыс пен жаяу серуендеуге мінсіз болып қыс мезгілі табылады, бұл уақытта ауа райы 25 градус жылылықты көрсетеді.
Шарджада жаяу серуендеп немесе такси қызметін қолданған жөн, ойткені бұл әмірлікте қоғамдық көлік жоқ. Такси қызметкерлерімен жол ақысын алдын-ала келіскен жөн.

Жаяу серуендеуге Аль-Қашба ойын-сауық орталығы керемет. Бұл жерде жағажай бойы серуендеуге, каналда ағаш қайықпен, оған қоса Etisalat Eye of the Emirates атракционымен 60 метр биіктікке көтерілуіңізге болы.

Шарджада шопингпен айналысқыңыз келсе - Jamal Abdul Naser, Al Fahad және King Faisal Roud көшелеріне, тоқыма, орталық, Иран және алтын бұйымдар базарларына баруыңыз керек.

Жағажайға барам деушілерге Al Corniche ке қош келдіңіз. Бұл Жағажай тазалығымен танымал. Ал қалалық жағажайда гидроцикл мен су шаңғысын қолдануға болады.

Шарджа әмірлігіне жанұямен келген ыңғайлы. Біріккен Араб Әмірліктерінің бұл амірлікте қауіпсіздік деңгейі жоғары.
Естаріңізге сала кетейін - бұл әмірлікте топлес күнге қарайуға, тіпті меншік жағажай болса қатаң тыйым салынған. Алкогольді ішімдіктер сатылмайды және ішімдікті ішуге тыйым салынған. Оган қоса түнгі клубтар да заңсыз болып табылады.

Бізге жыл сайынғы ақпан айының 2-11 жұлдыз аралығында өткен 7ші жойқын Sharjah Light Festival 2017 тамашалауға мүмкіндік болды. Бұл фестиваль жылдан жылға дүние жүзінен мыңдаған саяхатшыларды тартады. 2017 жылы Шарджа жарық фестивалі:
1. University City Hall
2. Dr Sultan Al Qasimi Centre for Gulf Studies
3. Al Qashba
4. Masjid Al Taqwa – Al Majaz Waterfront
5. Masjid Al Noor – Khalid Lagoon
6. Khalid Lagoon lights
7. Palm Garden – beside Masjid Al Dhaid
8. Cultural Palace
9. Masjid Al Muhajerin – Dibba Al Hisn
10. Masjid Ammar bin Yasser – Al Dhaid
11. Sharjah University – Khorfakkan
12. Sharjah University – Kalba
13. Masjid Sheikh Rashid Bin Ahmad Al Qasimi
ғимараттарында өтті.

Алматыдан Шарджа араб әмірлігіне Air Arabia әуекомпаниясымен жеткен ыңғайлы.
1. Бастысы тыйымды
2. Ушу уақытының ыңғайлығы
3. Әлемдегі лоу кост әуекомпанияларының ішінде эконом класс орындықтарының арасындағы ең кең қашықтық - 32 дюйм
4. 62 ұшақтың орта жасы 2,7 жыл.

Назар аударғаныңызға көп рахмет!
Осындай мүмкіндік берген AirArabia және Keremet Travel ұжымына мың алғыс!

1
0
1447

Еще по теме

Шарджа - Yvision.kz