Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШАРДАРА: ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛЫНДА КАНАЛДАР МЕН АҒЫН СУ ҚАШЫРТҚЫЛАРЫН ЖӨНДЕУ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Аудан әкімінің орынбасары А.Таженов Қызылқұм ауылында 5300 гектар егістік алқабын суландырып отырған каналдарда, және ағын су қашыртқыларында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстармен танысты. Тарқатып айтқанда, ПУИД-2 (ИДЖЖЖ-2) (ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы) арқылы тозығы жеткен ағын су каналдарына жүргізіліп жатқан (бетондау,тазалау, тағы да басқа) жұмыстардың сапасы мен жүргізілу тәртібін бақылып, көктемгі егістікке су беру науқанына дейін алқапқа су беретін қажетті каналдардағы құрылыстарды аяқтау мәселелерін талқылады.

Бұл тұрғыда Қызылқұм ауылында ПУИД-2 жобасын жүргізіп жатқан Қызылордалық «Мелиоратор» ЖШС мердігер компаниясы көктемгі егін су беру науқанына дейін 6Р-1 және 6Р-1-3 каналдарындағы құрылыс жұмыстары аяқталатынын айтты. Сондай-ақ, 6Р-1-4-2, 6Р-2, 6Р-2-1 және 6Р-2-2 каналдарында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін толық босатып беру мәселелері талқыланды.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0
0
164

Еще по теме

ШАРДАРА: ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛЫНДА КАНАЛДАР МЕН АҒЫН СУ ҚАШЫРТҚЫЛАРЫН ЖӨНДЕУ ҚАРҚЫН АЛҒАН - Yvision.kz