ШАРДАРА: ШАҒЫН, ОРТА ЖӘНЕ ІРІ БИЗНЕСКЕ ЛАЙЫҚТЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ
болып табылады. Сондықтан да мемлекет бүгінде елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып отыр.
Облыстық штаб мүшесі Б.Серманизов аудандық штаб төрағасы Е.Бекет ауданның кәсіпкерлерімен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, кәсіпкерлік саласына деген қолдауларды түсіндірді.
Кездесу барысында елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге арналған мүмкіндіктер жайы сөз болды.
«Мемлекет басшысы өз сайлауалды бағдарламасында жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле береді деді. Яғни, кәсіппен айналысамын деген азаматқа жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Осы арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға болады, – деді штаб мүшелері.
Сайлаушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт жөнінде ақпарат беріліп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.
Сенімді өкілдер сайлаушыларға алдағы өтетін сайлауға белсенді қатысып, кандидатқа дауыс беруге шақырды.
#TOQAEV2022
