Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШАРДАРА: ОТБАСЫЛЫҚ "ECO CHALLENGE" ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, аудан әкімдігінің ықпалымен, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу мақсатында, Шардара су қоймасының жағалауында арнайы отбасылық "ECO GHALLENGE" өткізілді.

Аталмыш сенбілікке аудан жастары мен жасөспірімдер және ата-аналар қатысты. Шарада санитарлық талапқа сай қауіпсіздік ережелері сақтала отырып 40-ге жуық адам өз үлестерін қосты.

Ізгі шара жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталаған бұл челлендж аудандағы барлық білім беру мекемелері мен №16 колледж ұжымына жолданды.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0
0
125

Еще по теме

ШАРДАРА: ОТБАСЫЛЫҚ "ECO CHALLENGE" ӨТТІ - Yvision.kz