Yvision.kz
kk
Разное
399 774 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
03:57, 18 февраля 2021

ШАРДАРА: МАҢЫЗДЫ ЖОБА КҮНДЕЛІКТІ БАҚЫЛАУДА

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Таженов Алатау батыр және Қызылқұм ауылында болды. Ауылдық округтердегі ПУИД-2 жобасы арқылы жүріп жатқан каналдарды қайта қалпына келтіру мен ағын су қашыртқыларын тазалау жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралады.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А.Таженов: "Көктемгі егістікке су беру науқанына дейін ағын су айдайтын каналдарды бітіру қажет.Мұндағы жергілікті халық егістік алқабтарын дән себуге дайындауда. Жалпы жұмыс қарқынын күшейтпесеңіздер, көктемгі су алу науқанында шаруалардың диқаншылығына тікелей кедергі болады. Сондықтан да мұндай мәселелерді дер кезінде ескеріп, уақытты тиімді пайдаланып барынша жұмыс қарқынын арттырыңыздар"- деп, құрлыс жүргізуші мердігер компания басшылары мен салаға жауапты мамандарға мәселе көтерді.

Сондай-ақ, жергілікті ауыл әкімдігіне жүргізіліп жатқан құрлыс жұмыстарына күндіз-түні қадағалау жасап, жіті бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0