kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ШАРДАРА: МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ САЙЛАНДЫ

Шардара аудандық мәслихаты депутаттарын тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 44, 45, 46 , және 112 - баптарына сәйкес, Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен жаңадан депутаттық құрам сайланды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың алғашқы мәслихат сессиясында депутаттардың бірауыздан келісімімен Қарсыбаев Арман Романұлы мәслихат хатшысы болып сайланды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Бисенбиев жаңадан сайланған 15 депутатқа салтанатты түрде депутаттық төсебелі тағып, куәлік табыстады.

Атап айтқанда куәлікке:

1. Айдос Сүндетәлі Қалмахаметұлы

2. Асылбеков Ғалымжан Серікұлы

3. Бектасов Даулетбек Төлбасыұлы

4. Ғаниева Гүлжан Көбейқызы

5. Жалғасбаев Талғат Серікбайұлы

6. Жұмабек Қабыланбек Райымбекұлы 7. Иса Ермек Смайылұлы

8. Қалмырза Элмира Әмірбекқызы

9. Қарсыбаев Арман Романұлы

10. Нөсеров Нұржан Ахметұлы

11. Оңғарбаев Қыдырғали Дүйсенбекұлы

12. Әлімжан Нұржан Серікұлы

13. Кеншім Бекмағамбет Мұсырманкұлұлы

14. Смайлова Пернeқыз Смадияқызы

15. Жетібаев Нұрбол Бимырзаұлы - ие болды.

Шарада қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімі Қ.Жолдыбай депутаттардың тындырымды жұмыс істеуіне сенім білдіріп, жаңадан тағайындалған Арман Романұлын лауазымды қызметімен құттықтады.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.