Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШАРДАРА: М.ГОРЬКИЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

және кандидаттың сенімді өкілдері жастармен «Ел болашағы сенің қолыңда атты кездесу өткізді.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында айтылғандай мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға, экономиканы өркендетуге негіз болады.

Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші опында тұрады. Біз бала тәрбиесіне баса мән береміз. Дарынды, білімді және отаншыл жастар көп болған сайын, халықтың әл-ауқаты да жақсара түседі.

Біз оқу-ағарту саласындағы теңсіздікті жою үшін нақты шаралар қабылдаймыз.

Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының әрбір бағытының өзі жастарды патриоттыққа тәрбиелуге, білімге құштарлыққа, еңбекқорлыққа бастай отырып, адалдыққа үгіттеу Әділетті Қазақстанды құруға шақыру болып табылады.

Мектеп ұжымы және жастар қатысқан кездесу барысында алда өтетін саяси науқан бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы турасында келелі кеңес құрды.

Іс-шарада қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, сайлауға белсенділік тантатындарын жеткізді.

Жиын соңында штаб мүшелері қатысушыларды алдағы халқымыз үшін тағдыршешті кезеңге бейжай қарамай, белсенді болуға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
264

Еще по теме