Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШАРДАРА: ЕГІЗҚҰМ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ Қ.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Ауыл тұрғындары кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, атқарылатын жұмыстарды кең көлемде түсіндірді.

Сондай-ақ, Әділетті Қазақстанды құру жолында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық берілетіндігін жеткізіп, көрсетілетін қолдауларды атап өтті.

Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттіген кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Шардара аудандық қоғамдық штабының мүшелері ауыл тұрғындарына Қ.К.Тоқаевтың президенттікке үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін" атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріп, ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Сонымен қатар кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ауылдық жерлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

#TOQAEV2022

0
0
265

Еще по теме