ШАРДАРА: АУДАН БОЙЫНША ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан бойынша жаппай сенбілік өтті. Сенбілікте көше бойларын тазалау, қоқыстарды шығару, ретсіз қоқыстарды жою, ағаштарды әктеу мен аяқжолдарды тазарту, күре жолдар бойын жинап, көктемгі ағаш бұталарын отырғызу секілді бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл ауқымды шара қоршаған ортаның тазалығын сақтай отырып, өскелең ұрпақтың бойында тазалық мен мәдениеттілікке деген көзқарасты қалыптастыруда үлкен рөл атқарары белгілі. Осы тұрғыда сенбілікке аудан бойынша 2000-нан астам тұрғындар қатысып, ауқымды шараға өз үлестерін қосты.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
