ШАРДАРА: АУҚЫМДЫ ЖОБА ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Аудан әкімінің орынбасары А.Таженов Алатау батыр ауылында болды. Ауылдық округтегі ПУИД-2 жобасы арқылы жүріп жатқан каналдарды қайта қалпына келтіру мен ағын су қашыртқыларын тазалау жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралады. Атап айтқанда, ауылға қарасты 5Р-1,5Р-2,5Р-3, және 4ПР-2 ағын су каналдарын қарап шықты.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А.Таженов: "Көктемгі егістікке су беру науқанына дейін ағын су айдайтын каналдарды бітіру қажет.Мұндағы жергілікті халық егістік алқабтарын дән себуге дайындауда. Жалпы жұмыс қарқынын күшейтпесеңіздер, көктемгі су алу науқанында шаруалардың диқаншылығына тікелей кедергі болады. Сондықтан да уақытты тиімді пайдаланып барынша жұмыс қарқынын арттырыңыздар"- деп, құрлыс жүргізуші мердігер компания басшылары мен салаға жауапты мамандарға мәселе көтерді.
Сондай-ақ, жергілікті ауыл әкімдігіне құрлыс жұмыстарына күндіз-түні қадағалау жүргізіп отыруды тапсырды.
Аудан әкімінің орынбасары бұдан кейін, Ақшеңгелі ауылдық округіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиынға Шардара аудандық "Қазсушар" КМК мекемесінің басшысы Е.Иса және ағын су саласына жауапты мамандар болды. Ол жерде егістікке қажетті ағын су төлемақысын уақытылы төлеу мәселесі талқыланды. А.Таженов тұрғындарды ағын су төлемақысын уақытылы төлеуге шақырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Оған қоса, Шардара аудандық "Қазсушар" КМК мекемесінің басшысы Е.Иса ағын су төлемақысының қарызы толық төленбеген жағдайда егістік алқабтарына су беру кешеуілдеуі мүмкін екендігін ескертіп, алдағы су беру тарифтері мен тың өзгерістер бойынша мәлімдеме жасап, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстарға жауап берді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
