Шәкәрім оқулары
Бүгін 5 наурыз күні Қостанай қаласының облыстық Ы. Алтынсарин ат. балалар мен жасөспірімдер кітапханасында III Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты:
- Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу;
- Шәкәрім шығарашылығындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді, адами құндылықтарды насихаттау.
Байқаудың нәтижесінде келесі қатысушылар жүлделі орындарды иеленді:
3-орын
Асылбек Қырмызы – Жангелді ауданы
2-орын
Берікбай Аида – Қостанай қаласы
1-орын
Қапез Мейірлан – Арқалық қаласы
Бас жүлде
Тұрысбек Сәния – Амангелді ауданы
Жеңімпаздар дипломдермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлде жеңімпазы 27 наурызда Астана қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Байқаудың демеушілері: “АМАNАТ” партиясының Қостанай облыстық филиалы, COPY PRINT.KZ компаниясы, ТОО УРОмед, Pozitiv полиграфия студиясы және Детки-конфетки ойыншықтар дүкені.
@uromed_kostanay
@pozitivkst
@amanat_kostanay_oblysy
@detki_konfetki_kostanay
@copyprint.kz10
@akademiyalik_kitapkhana