ШАҒЫН АУЫЛДЫҢ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА СЕНІМІ ЗОР
Бүгін «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин мен Ойыл аудандық маслихаты депутаттығына үміткерлер «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы жан-жақты түсіндіру мақсатында «Есіктен есікке» акциясы аясында Шұбарши елді мекенінде болып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдады. Малдан нәпаһа тауып, шаруаларын дөңгелетіп отырған шұбаршиліктер «Nur Otan» партиясының әрдайым халықпен бірге екеніне сан-мәрте куә болып келеді. Сондықтан «Nur Otan» партиясына үлкен сенім артады. Шұбаршиде ауыл тұрғындарының үйлерін заманауи үлгіде жөндеу жұмыстарына бетбұрыстары жоғары. Шұбарши шағын ауыл болса да мемлекеттің ауылдарға оң көзқараста баса назар аударып отырғанына қуанышпен қарайды.
