ҮШ ЖЫЛДА АЛҒА АУДАНЫНДА 4 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ САЛЫНАДЫ
— Биылғы пандемия денсаулық саласы үшін үлкен сынақ болды. Сондықтан бұл саланы дамытуға күш салу керек. Оның ішінде басты назар денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту және нығайтуға назар аудару қажет, — деген ол партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарға тоқталып өтті.

Nur Otan партиясы медицина саласында көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында 2022 жылы Самбай ауылында Қарағаш дәрігерлік амбулаториясының құрылысын жүргізу, 2023 жылы Маржанбұлақ ауылында дәрігерлік амбулаториясын салу, сондай-ақ Тоқмансай мен Қарабұлақ ауылдарында медпункт салуды жоспарлауда. Бұдан бөлек келер жылы Алға қаласындағы орталық ауруханаға күрделі жөндеуден өтіп, 2022 жылы Қайнар, 2023 жылы Талдысай, 2024 жылы Сарықобда, 2025 жылы Амангелді ауылдарында медпункт салынады.
Алдағы уақытта аудандық ауруханаға жасанды тыныс алу аппараты мен рентген-аппараты, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері үшін 2000 жеке қорғаныс құралы және 5 мың бетперде сатып алынады.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
