ШӘМШІ ПОЙЫЗЫ АРЫСҚА АЯЛДАДЫ
Биыл ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл. Осыған орай, Шәмші әлемін кеңінен насихаттау, замандастары мен өнердегі ізбасарларын композитордың туған топырағына шақыру мақсатында Алматы қаласынан жолға шыққан республикалық зиялы қауым өкілдері мінген «Ш.Қалдаяқов» поезды тоғыз жолдың торабы саналған Арыс қаласына аялдады. Құрамында мәдениет және өнер қайраткерлері, танымал журналистер, Шәмшінің замандастары мен туыстары бар рухани керуен алдымен Арыс қаласының темір жол вокзалының жұмысымен танысты.
Қонақтарды Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек күтіп алып, Шәмші әнге қосқан Арыс жағасындағы ажарлы қаланың бүгінгі келбетімен таныстырды.
