Сепаратизм елесі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус деген кісіні коронавирус уақытында жақсы танып алдық, ал бұл кісІнің ұлты тыграй деген жұрт екен.
Енді, міне осы жерден әңгімені бастайын, қазіргі күні Эфиопияның Тыграй өлкесінде сепаратистер мен орталық билік арасында кезекті соғыс басталды.
Арғы тарихқа көз жүгіртсек Эфиопия Африкадағы мықты мемлекеттердің бірі, тіпті, Африканы еуропалық отарлаушылар жаулап алғанда берілмеген осы мемлекет болатын. Дегенмен, 1889 жылы теңіз жағалауы итальяндықтардың бақылауына өтеді, Қызыл теңіз жағалауындағы жерлер Италияның Эритрея атты колониясына айналады. 1936 жылы итальян әскерлері Аддис-Абебаға кіргенімен, 1941 жылы ағылшындардың көмегімен Эфиопия дербестегін сақтап қала алды.
Бір қызығы қазіргі күні Эфиопия Африка құрлығындағы теңізге шыға алмай отырған алып мемлекет және халқының саны бойынша Нигериядан кейін екінші орын алады. Жұртының саны 120 млн. Бірақ, адам саны көп жағдайда шешуші рөл атқармайды екен. Мысалы, манағы айтқан Эритрея (2022 жылғы дерек бойынша халық саны шамаммен 6 млн.) мен Эфиопия бір мемлекетке бірігіп, федерация құрады, Эфиопия әлі де федерация, бірақ, 30 жыл бойы өз тәуелсіздігі үшін соғысқан Эритрея түптің түбінде өз азаттығына қол жеткізді. Бұл өз кезегінде Эфиопия құрамындағы өзге де ұлыстарға әсер ететін болса керек, мысалы, қазір Тыграй сепаратистері өз аумағында ғана есес, оған іргелес Ахмара мен Афарда да соғыс жүргізіп жатыр. Осы жолы тегеуріндері қатты сияқты, ақырын күтеміз.
Дегенмен, Эритреия сияқты Тыграй да шағын өлке, соның өзінде 150 000 адам босқынға айналып үлгерді. Екінші жағынан орталық билік әлсіреген сайын сепаратизм күшейетіні түсінікті. Одан қалды іс жүзінде бөлініп кеткен Сомали де тиіп тұр, тек Джибутиде (Эфиопияның солтүстігінде, Эритрея мен Сомали арасындағы шағын мемлекет) ғана тыныштық. Бірақ, өңірдегі тыныштықтың қаншалықты ұзаққа созылатыны белгісіз. Одан қалды, уақытында 1 млн халқы бар Джибутида афарлар мен иссалар (негізгі этникалық топтар) арасында азаматтық соғыс та болған. Бір уақытта Джибути мен Эритрия да соғысты. Эритрия (оған дейін Эфиопия) аралдар үшін Йеменмен де келіспей қалған кездері болған.
Жалпы, біз бұл аймақты нашар білеміз. Егер, тарихқа көз жүгіртсек кезіндегі Нубия, Кушан, Аксум пашталықтары осы аймақта орналасқан. Біз үшін қызығушылық тудыратыны Осман империясы заманында Хабешстан деген атаумен белгілі Эфиопияның солтүстігіндегі оқиғалар. Осман империясы Мысырды алған соң Араб түбегінің оңтүстігіне де жылжып, оның қарсы бетіндегі Қызыл теңіз жағалауында да орнығып Хабеш уәләйатын құрады, негізінен оған Қызыл теңіз жағалауы, яғни Хиджаз бен Солтүстік-Шығыс Африка кіреді. Уәләйаттың Африка бөлігін Массауа, Хиргиго, Суакин қалалары және оның төңірегі қамтыды. Бұл кезең Португалияның күшеюімен сәйкес келіп, осман әскерлерінің Африкаға ішкері енуге толық мүмкіндіктері болмады. Дегенмен, басты айтпағым алыстағы Абиссинияда түркі жұртының ізі қалды, тағы бір қызығы, Мысырдағы мәмлүкітер өлтірілген кезде олардың тірі қалғандары Суданда бас сауғалаған екен. Хабеш демекші хабеш халықтары, олар: амхара, тыграй-тигринья, бұлар негізінен христиандар және тигре, олар негізінен мұсылмандар.
Сонымен, іс жүзінде түріктердің бұл тарапты иеленуі үш жүз жылға созылды, яғни, 1554-1872 жылдар аралығы. Айтқандай, баяғы отарлық жүйе жойылғанмен де, Қызыл теңіз жағалауында, осы тарапта түріктердің Могадишода (Сомали) қазіргі күні әскери базасы бар, ал, Суакин аралында (Судан) түріктер гуманитарлық жұмыстарды атқаруды, мысалы, Осман дәуіріндегі сәулет ескерткіштері мен мешітті жөндеп, іске асыру көзделген болатын.
Әңгіменің әлқиссасын осы жерден тәмамдап, Тыграй сепаратистерінің әрекетімен нәтиже шығады ма деген сұраққа жауап іздеп көрейік, ол үшін 30 жыл соғысып, ақыры бөлініп тынған Эритрея мысалы қызықты деп ойлаймын.
Сонымен, Эритрея (ел аты грек-латын тіліндегі қызыл деген сөзді білдіреді. эритроциттер есіңізде болар) 1952 жылы Эритрея мен Эфиопия федерациясы құрамына кірді. Бірақ, 1962 жылы Эфиопия императоры Хайле Селассие мемлекетінің федеральдық құрылымын жойды, Хамид Авате бастаған Эритрея сепаратистері өз тәуелсіздігі үшін бостандық соғысын бастады. Бұл жерде мына жайтты атуымыз керек, жалпы, Эфпопия Әлемдегі ежелгі христиан елдерінің бірі, бірақ, ел халқының 2016 жылғы дерек бойынша 67 проценті христиандар, ал, мұсылмандар 31 проценті. Қазіргі Эфиопия Премьер-Министрі мұсылман отбасында туса да өзін протестант деп санайды. Яғни, елде діни төзімділік бар, алайда, Эритрея жағдайында (халқының 63 және 36,5 проценті христиан және мұсылман) тәуелсіздік үшін екі фракция қалыптасты, бірі мұсылман, екіншісі христиан. Бірін жоғарыда аты аталған Хамид Авате (Эритреяны азат ету майданының әскери қанатын - Эритреяны аза ету армиясының негізін қалаушы) басқарса, екіншісін, кейін аталған ЭАЕМ-дан бөлініп шыққан Эритреяны халықтық азат ету майданының басшысы Исайяс Афеворки басқарды, кейін Исайяс Афеворки Эритреяның алғашқы және жалғыз Президентіне айналды. Исайяс Эритреяны 1993 жылдан бері басқарып келеді. Эритрея тәуелсіздік алғанымен 1998-2000 жылдары қос ел арасында (Эфиопия мен Эритрея) тағы соғыс болды.
Бұл жерде Эфиопияның көршісі Сомали туралы да бір-екі сөз айта кеткен жөн болар. 1960 жылы Сомали тәуелсіздігін жариялаған соң Эфиопияның Огаден провинциясындағы сомалиліктерді қосып алу мақсатында көршісіне соғыс бастайды. Негізінде Сомали социализм бағытын ұстап, өздеріне Кеңес Одағы көмектеседі деп ойлайды, алайда КСРО Эфиопияны қолдап, эфиопиялықтарға 1 млнд. доллар көлемінде қаражат беріп, қару-жарақ жеткізіп, әскери мамандарын жіберді. Және Эфиопияны қолдау үшін Куба 18000 әскерін, Оңтүстік Йемен 2000 әскерін жібереді. Нәтижесінде Сомали жеңіліп, кейін, өздерінің арасы Азаматтық соғысқа ұласты.
Ал, әңгіме басындағы Тыграй сепаратистерінің жай-күйін жақын уақытта біліп қалармыз!
Суретте: Эфиопияның әкімшілік картасы, Хаккин.аз сайтынан алынды.
#Халықаралық жаңалықтар #Тыграй-Эфиопия #Amandyq Amirkhamzin