сеним
Адам өміріндегі сарқылмас байлық
Адам өміріндегі сарқылмас байлық
Сенім
Сенім
Сенім жеңіске апарады , ал күмән - жеңіліске деп айтылған дана сөз бар.
Күмәнданған адам жиі жеңіліске ұшырайды, себебі оның іс – әрекеті әлсіз және шешімі жоқ болады. Сенім адамды толықтай шабыттандырады
Сондықтанда Жаратқанға сену, өзіңе, басқаларға және тағдырыңа сену қажет.
Дегенмен де сенім көзсіз болмауы тиіс.
Сенім көбінше түсінікпен байланысты. Менің бойымда қандай
жақсылық
бар және мен ерекше бір іс – әрекет істей аламын деген адамда ой болуы
керек. Сенім – ол тек айтып немесе түсініп қана қоймай, тұлғаның ішкі жан
дүниесінде терең ниет ықылас болуы шарт. «Мен істей аламын!».
«Мен міндетті түрде жеңіске жетемін!» Нақты көз жеткізу, илану жанның іс
әрекетте және қарым-қатынаста жақсы жағынан алға қарай қозғалуына тамаша
күш беретін құрал.
Жағымды іс-әрекет оқиғаны жақсы әдемі етіп өзгертіп жібереді.
Егерөзінізден жақсы нәрсе көріп қалсаныз қуаныныз, аз ғана сәттілігінізбен
жетістгіңізге көніл аударып жүрініз.
Себебі, жетістіктің әсерін жиірек сезінсеңіз, онда сіздің өзіңізге сеніміңіз арта
түседі.
Ал, басқа жанға деген сеніміңіз ол адамды жоғарылатып, оның өсуіне
көмектеседі. Болып жатқан оқиғаға жәймен, ақылмен араласып басқаларға
жоғары көтеріліп және өздерінің потенциалдарын қолдануға мүмкіндік беріңіз.
Оларды шабыттандырып, жұмсаған күш жігерлері үшін мақтап, жетістікке
Жетуге лайықты екенін айтып, сенімдерінің артуына көмектесіңіз. Өз
жүрегіңізден шыққан шынайы тілегіңізді білдіртсеңіз - ол сол жанға күш
береді және қолынан іс келетінін іштей сезінеді.
Тағдырға сену – яғни, ол күмәнданбау.
Ерте ме кеш пе әйтеуір міндетті түрде
жасаған жақсы іс әрекетіңіздің нәтижесі болады: себебі, іс-әрекет
заңдылығынан біз бөлек кете алмаймыз. Іс-әрекетті дұрыс жасап оған сеніңіз,
өйткені алдымызда тұрған қиыншылықтарды жеңіп шығу үшін бізге күш-қуат
береді, ал кез келген алға ұмтылыс, оған жұмсалған күш марапатсыз қалмайды.
Міндетті түрде марапатталады. Нәтижесінде өмірдің бізге астын сызып
айтатыны: іс-әрекетімізбен біз өз тағдырымызды өзіміз жасаймыз.
Жаратқанға деген шынайы сеніміміз бізді «аспанға ұшырады» осыны еш
уақытта есімізден шығармайық.
Конькиді әдемі теуіп жүрген баладан, сырғанауды қалай үйрендің деп
сұрағанда: «Әр жығылған сайын орнымнан тік тұрып, тебуді жалғастыра
бердім» - деп жауап берген екен.
Жетістіктің бірінші құпиясы – өзіңізге деген үлкен сенім. Ол сізге жығылып,
сүрінгенде қаншалықты орныңыздан тұрасыз, соған қарай келеді.
Адам өміріндегі сарқылмас байлық

