Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СЕНАТОР ШАРДАРАЛЫҚТАРҒА ЗОР СЕНІМ БІЛДІРДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы мен Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы шағалалы өлкемізге арнайы ат басын бұрды. Қонақтар сапар барысында аудандық ардагерлер үйінде бір кездері еңбек көрігін қызыдырып, бүгінде сол еңбектерінің зейнетін көріп отырған ардагерлер қауымымен кездесу өткізді. Жаңа жылдың қарсаңында көтеріңкі көңіл күймен өткен келелі кездесуді «NurOtan» партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғали Қарымсақов жүргізіп отырды.

Жиында сөз алған Әлімжан Сейітжанұлы мен Қайрат Рахымұлы ардагерлер қауымының аудан экономикасын, облыс экономикасын дамытуға қосқан үлестерін атап өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын кезеңдерде мойымай, елді бірлікке, еңбекке үндеген жандарға алғыстарын айта отырып, еліміздің қазіргі таңдағы экономикалық-әлеуметтік ахуалына шолу жасады.

– «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, қазақ қашан да қариясын қазына деп бағалаған ел. Біз әруақытта қарттарымызға қолдау көрсетуге, құрмет пен ілтипат танытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Бұл бағыттағы «NurOtan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының маңызы зор, – дейді Ә.Құртаев.

Сонымен бірге қонақтар ардагерлердің 10 қаңтарда өтетін сайлауға түгел қатысатынына сенім білдіріп, оларды «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Жиын соңында сөз алған ардагерлер қонақтарға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
126

Еще по теме

СЕНАТОР ШАРДАРАЛЫҚТАРҒА ЗОР СЕНІМ БІЛДІРДІ - Yvision.kz