Семинар
2017 жылдың 29 қыркүйек күнімемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторлардың жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және пайда болу жолдарын азайту мақсатында Орал қаласының әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау»тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді.
Семинар-тренинг жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Нұртазин, сонымен бірге бөлім басшылары, Орал қаласы әкімі аппаратының талдау жүргізуге жауапты тұлғалары қатысты.
Семинар-тренинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидасы түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
