Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

семинар

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау басқармасы «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - біздің ортақ міндетіміз» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинар отырысына  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті  және  Астана қалалық  «Нұр Отан» партиясының филиалы, Астанада кәсіподақ орталығы өкілдері, сондай-ақ, басқарма және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің  қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері және департамент жүргізген мониторинг нәтижелері  бейнебаян арқылы көрсетілді.

Сонымен қатар,  Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының орынбасары мен Кәсіподақ орталығының төрағасы  баяндамаларын оқыды.

Қорыта келгенде, ағымдағы жылға арналған бірлескен жоспар бойынша  ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар  ұсынылды.

 
0
0
193

Еще по теме