Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыруды арттыру мақсатында діни бірлестік өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында департамент басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин келушілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мақсатында насихаттау жүргізу, рухани, имандылықты азаматтардың бойына қалыптастырудағы діни топтардың рөлін атап өтті.