Перейти к содержимому
Обложка сообщества Главные события ВКО

Семейде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары басталды

Асфальт төсеу жұмыстары Семей қаласының сол жағалауындағы Галето, Автодорожная, Ұшақтар кентіндегі 10 тұйық Юность көшелерінде басталды.

undefined

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жол жөндеу жұмыстары басталған көшелерге барып, жұмыстардың жай-күйін бақылады. Қала басшысы ЖК және АЖ бөлімінің басшылығына мердігерлердің жұмысын қатаң қадағалауды және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелерге қауіпсіздік жол белгісін қоюды тапсырды.


ЖК және АЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Адилбек Увасиловтың айтуынша, биыл жоларды асфальттау жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда ерте басталды. Биыл конкурстық рәсімдер 4 Лот бойынша өткізілді. Қазіргі таңда №1 Лот бойынша асфальттау жұмыстары басталды.


Айта кетейік, биыл жалпы ұзындығы 36 км болатын 40 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізіледі.undefined

0
0
413

Еще по теме