Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЙЫН ШАПАҒАТОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

Сайлауалды штаб мүшелері мен облыстық мәслихат депутатына үміткер Наурызбек Мағдатов және аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Сайын Шапағатов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге көп балалы аналар мен әйелдер қатысты. Жиынды сайлауалды штаб басшысы Светлана Түелқызы Жолдасова «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламасын және аудандық сайлауалды бағдарламаны таныстырып, үміткерлерге сөз берді.

Сөз барысында Светлана Жолдасова: «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, әр облыс, қала, аудандар өзінің сайлауалды бағдарламасын әзірлеген болатын. Осыған сәйкес, біздің ауданның да сайлауалды бағдарламасы жасақталды, ол 2021-2025 жылдарға аралығын қамтиды. Ол жерде дамудың жеті басымдығы қамтылған. Атап айтар болсам: Экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік бағытталған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар және қауіпсіз аудан. Осы тұста айта кететін жайт, Сайын Шапағатов ауылдық округінің халқымен кездесуде көп айтылатын ұсыныс-пікірлерінің бірі – С.Шапағатов ауылдық округіне Мәдениет үйінің құрылысы туралы болатын. Аудандық сайлауалды бағдарламасының «Тарих пен мәдениетті дамыту» бөлімінде бұл ұсыныс-пікірлер қамтылған. Аудандық сайлауалды бағдарламасының жоспарына сәйкес, Сайын Шапағатов ауылдық округінен мәдениет үйін және кітапханасын салу 2024 жылы деп белгіленген – деді.

Одан әрі медицина саласына тоқталып өткен үміткер Нурбол Мендалиев: «Өзім медицина салысының қызметкері болғандықтан маған осы сала төңірегінде әңгіме өрбіту, халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу өте ыңлайлы. Медицина саласы партияның сайлауалды бағдарламасының ең басты басымдықтарының бірі болғандығы бізді шын қуантады. Осы тұрғыда эпидемиялогиялық жағдайдан бастап, амбулатория салу да жоспарға енгізіліп, көп көңіл бөлінген. Мысалға 2021-2025 жылдарға арналған жоспарлардың ішінде 2021 жылы Сайын Шапағатов ауылдық округінен дәрігерлік амбулаториясын салуға жоспарланған. Одан бөлек, медицина саласына көп көңіл бөлінген» - деді.

Ары қарай аудандық мәслихат депутатына үміткер Еркебулан Жеткизгенов аудандық сайлауалды бағдарламаның 6 бөліміне тоқталып өтті. «Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары – ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс» деп, осы бағытта жасақталған жоспарлармен таныстырды.

Аудандық мәслихат депутатына үміткерлердің арасынан ең жас үміткер Гауһар Шамқұлова сайлауалды бағдарламаның жастарға арналған бөлімі жайында айтып өтті.

Басқа да аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Балганым Джулдибаева, Усен Избасаров, Аманкул Копашова, Арғын Қосай, Нурлыбек Адеков және Габит Шаудирбаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында сөз қозғап, одан әрі үгіт-насихат науқаны ары қарай жалғасын тауып, халықпен етене жұмыс істейдерін жеткізді. Үміткерлер 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Ауылдық округ тұрғыны Ақмарал Кенжебаева Емхананы үлкейту мәселесі жөнінде қойған сұрағына аудандық мәслихат депутатына үміткер Г.Шаудирбаев «Жоғарыда айтып өткендей аудандық сайлауалды бағдарламада 2021 жылы Сайын Шапағатов ауылдық округінен дәрігерлік амбулаториясын салу жоспарға енгізілген. Одан бөлек, Санитарниялық-эпидемиологиялық қызметті күшейтуге; диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық тәсілдерін медициналық практикаға енгізуге және медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарға енгізілген» - деді.

«Жастардың уақытын тиімді пайдалану және жұмыспен қамту, Сайын ауылдық округіндегі спортпен айналысатын балаларға арналған спорт кешенін салу, кітапхана және мәдениет үйін салу» жөніндегі сұрағына үміткерлер сайлауалды бағдарламаға сүйене отырып жауап берді. Аудандық сайлауалды бағдарламада «2023 жылы Сайын Шапағатов ауылдық округінен спорт кешенін ашу, 2021-2025 жылдары 150 ден кем емес жастарды жұмыспен қамтуды жоспарлаған. Және мәдениет үйі жөніндегі сұраққа Штаб басшысы С.Жолдасова жоғарыда айтып өткендей сайлауалды бағдарламада 2024 жылы Сайын Шапағатов ауылдық округінен мәдениет үйін және кітапханасын салу жоспарда бар» деп жауап берді.

Жиын соңында қатысушылар үміткелерге сәттілік тілеп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

0
0
106

Еще по теме

САЙЫН ШАПАҒАТОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КЕЗДЕСУ - Yvision.kz