Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Сайлаушылармен кездесу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялап, тиісті Жарлыққа сәйкес, Мәжіліс және маслихат сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді деп бекітілді.

Елімізде, 10 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 00.00-де бастау алған Мәжіліс және Маслихат депутаттарын сайлау алдындағы .үгіт-насихат жұмыс жоспарына сәйкес, қаламызға 14 желтоқсан күні ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткер Бижанова Гульнара Қадыржанқызы және Қарағанды облыстық маслихат депутаттығына үміткер Өтеубаев Талғат Бабашұлы келді.

Кездесуге «Ардагерлер Кеңесі ұйымының» төрайымы, қоғамдық бірлестік өкілдері, аумақтық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен ерікті белсенділер қатысты.

Кездесу барысында Бижанова Гульнара Қадыржанқызы және Өтеубаев Талғат Бабашұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кездесу аясында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, мәселелер көтерілді.

Қойылған сұрақтар мен мәселерге «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жауап берілді.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
132

Еще по теме

Сайлаушылармен кездесу. - Yvision.kz