САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Кездесу барысында үміткерлер сайлаушыларға «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның басым бағыттарына тоқталып өтті. Соның ішінде бағдарламада көрсетілген Қараоба ауылына қатысты жоспарлы жұмыстар туралы тарқатылып айтылды. Мәселен, Қошанкөл-Қараоба бағытындағы жолдарды жөндеу, Қараоба аулындағы медициналық амбулатория мен Еңбек ауылындағы медициналық пунктті күрделі жөндеуден өткізу, ауылшаруашылық саласын дамыту секілді жоспарлы жұмыстар түсіндірілді.
Мұнымен қоса қараобалықтар үміткерлерге өз сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Дәлірек айтсақ, округ тұрғындары ауылға техникалық су тарту, мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашлық мақсаттағы жерлерді дұрыс пайдалану мәселерін ортаға салды.
Кездесу соңында үміткерлер ауыл тұрғындарын 10 қаңтар күні сайлауға келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Кездесу барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы


