САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ 24 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрлыбай Жолдыбаев пен Салтанат Өтеғұлова үгіт-насихат жұмыстары аясында Жаңажол ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген аталған ауылдық округке қатысты бірқатар жобаларды атап өтті. Партия бағдарламасында Жаңажол ауылдық округіне қарасты Әбіш, Көмекші елді-мекендерінің ауыз сумен қамтамасыз етілуі, шағын футбол алаңы және аталған елді-мекендермен қоса Таңат елді-мекеніне газ құбырларының өткізіліп, Жаңажол ауылында 3 пәтерлі 2 тұрғын үй, спорттық «Workout» алаңдары салынатындығы жөнінде ақпараттар берді. Сонымен қатар бағдарлама аясында көрсетілген кәсіпкерлік,әлеуметтік сала және білім беру салаларына қатысты бірқатар жобалардың маңызы түсіндірілді. Үміткерлер алдағы сайлауда сайлаушыларды партияға дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
