САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021жылдың 10 қаңтарда өтетіндігіне байланысты саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстары басталды. Аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Созақ ауданы бойынша тіркелген партия өкілдерімен Аққолтық ауылында орналасқан Шоқан Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде кездесу өткізілді. Барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және алға қойған мақсаттарға жетуді күтуде. Осыған орай 'NurOtan' партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бердімұратов Нұрлан Төреханұлы тұрғындарды мазалайтын мәселелерді шешу, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында жұмыс жасайтынын, Республикалық 'Nur Otan' партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдығы мен Созақ ауданы бойынша 'Nur Otan' партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 7 басты басымдық бойынша партия бағдарламасымен таныстырды. Айта кететін тағы бір мәселеге тоқталар болсақ, Аққолтық ауылында интернет желісі нашар ұстайтыны белгі. Осы мәселені оңынан шешетініне ауыл тұрғындарына Нұрлан Төреханұлы уәде етті. Жиын барысында филиал жанынан құрылған сайлауалды штабының мүшесі Есбергенов Қуаныш сөз алып, халықтың өздерінің жүрек қалауларымен сайлауға белсенді қатысып, 'Nur Otan' партиясына дауыс беруге шақырды.
