САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Мәжілісі депутаттығына «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткер Гүлжан Құрманбекова Отырар аудандық сайлауалды штабында партия мүшелерімен кездесті. Басқосуда кандидат сайлаушыларының сұрақтарына жауап беріп, партия тарапынан атқарылған және атқарылар жұмыстардың барысымен таныстырды.
Кездесу барысында қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныс-пікірлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық және кәсіпкерлік салалары төңірегінде болды.
Өз кезегінде жайылымдық жер алу, ағын су және өзге де әлеуметтік мәселелер айтылған әрбір ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тиісті жауаптар берілді.
