САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының сайлауалды штабының басшысы, «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Ешенқұлұлы Исақұлов пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Қазығұрт аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айкүл Күзенбайқызы Ақынғазиева Қызылқия ауыл округі тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында партия өкілдері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салаға көрсетіліп жатқан жеңілдіктер мен аудан тұрғындарының әл-ауқатын, елдің экономикасын көтеруде атқарылатын іс-шараларды тілге тиек етті.
Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға өздерінің тұщымды жауаптарын берді.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
