Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының сайлауалды Штабында Саяси Кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Өрісбай Бұхарұлы Көпеев қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген Қазығұрт ауылының тұрғыны Бахтияр Түскенов кезекте тұрған азаматтарға жер телімі қашан берілетінін сұрады.

Ө.Көпеев қазіргі таңда Қазығұрт ауылының бас жоспары жасалған. Бөлінген жерге инфрақұрылым (жол, электр бағаналары, ауыз су құбыры және т.б.) жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінгенде инфрақұрылым жұмыстары жүргізіледі және кейін жер телімі кезектегі тізім бойынша беріледі. Қазығұрт ауылдық округінде тұрғын үй салу үшін үй іргелік жердің болмауына байланысты жер алушылар кезегінде бүгінгі таңда 6473 азамат жер алу кезегінде тұр.

2012 жылғы 18 қазандағы «Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт және Шарбұлақ ауыл округтерінің шекараларын өзгерту туралы» №298 бірлескен қаулысы және облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 20 қыркүйектегі №6/58-V шешімімен Қазығұрт ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Шарбұлақ ауылдық округінен жалпы көлемі 1820 гектар жер бөлігі қосылды. Инфрақұрылым жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілсе, жер телімі беріліп қалады деді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны Камал Қалижан Алматы-Термез тас жолынан ауыл тұрғындары өтетін аспалы өткел салынса деген ұсыныспен келіпті. Саяси кеңес мүшесі Ә.Көпеев бұл сұраққа былай деп жауап берді.

-Алматы-Термез тас жолынан Қазығұрт ауылдық округіне қарасты Ащыбұлақ елді мекеніне өтетін 2 өткел салынады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда құжаттар сараптамаға жолданды.

Қазығұрт ауылының тұрғыны Жұмабаев Ануар ауыл көшелерін түнгі жарықтандыру жайлы сұрады. Өрісбай Бұхарұлы 2019 жылы 16 көшені жарықтандыруға ЖСҚ әзірленіп, Қазығұрт ауыл округі көшелерін түнгі жарықтандыру жөнінде Қазығұрт аудандық ТҮКШЖК және АЖ бөліміне ұсыныс жолданды деді.

Қазығұрттық Данияр Асқаров ағын су мәселесі, ағын су ағу үшін каналды, көпірлерді қалпына келтіру жайы қалай болып жатқанын сұрады.

-Аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне ағын суды елді мекендерге кезекпен беру және ағын судың лимитін көбейту жөнінде ұсыныс хат жолданды. Сонымен бірге 2019 жылы каналдар тазаланып, Қонаев көшесі бойындағы түптері бетондалды,-деді

Қазығұрт ауылының тұрғыны Бексұлтан Қарынбеков «Болашақ» мөлтек ауданында мектеп салынса деген ұсынысын айтты. Бұған жауап ретінде Өрісбай Бұхарұлы «Болашақ» мөлтек ауданында 300 орындық мектептің құрылысына жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Енді салалық басқармаға республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс бердік деді.

Сонымен қатар Қазығұрт ауылдық округіне қарасты Ащыбұлақ, Кезеңбұлақ елді мекендердегі электр желісін жөндеу мәселесі, ауыз су мәселесі көтеріліп атқаратын жұмыстар жайлы тиісті жауаптар берілді.

Қоғамдық қабылдаудың соңында «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Өрісбай Бұхарұлы Көпеев қабылдауға келген барлық сайлаушыларға 2021 жылы 10-қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттарының сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
325

Еще по теме

«САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ - Yvision.kz