Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЙЛАУШЫЛАР ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ӨЗДЕРІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАРЫН СҰРАДЫ

«Үміткерге сұрақ» айдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына үміткер – Снежанна Имашеваның Facebook парақшасында ұйымдастырылды.

Ең алдымен үміткер «» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары тоқталып, әлеуметтік мәселелерге қатысты алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары туралы айтты.

- Партияның сайлауалды бағдарламасында экономикалық тұрақты және жайлы, әлеуметтік бағдарланған және жастарға арналған, мәдени-тарихи жағынан бай, ашық есеп бере алатын жергілікті органдары жұмыс жасайтын, қауіпсіз аймақ құру – басты мақсат, - дейді үміткер.

Партия ұстанымдарымен танысқан әлеуметтік желі пайдаланушылары тікелей эфир кезінде өздерінің сұрақ-ұсыныстарын жаза бастады. Сосын ішінде балалар денсаулығына қатысты арнайы орталықтар ашу және жабық спорт комплекстерін құрылысын бастау туралы ұсыныстар көтерілді.

Айгүл есімді желі пайдаланушысы Снежанна Имашеваға жастарға арналған тұрғын үй мәселесі туралы сұрағын жеткізді. Бұл орайда, үміткер:

- Партияның сайлауалды бағдарламасында тұрғын үй мәселелерінің сұрақтары түгел дерлік қамтылған, соның ішінде жас отбасыларға және жас мамандарға арналған жобалар жан-жақты қарастырылған. Студент жастар үшін көбірек гранттар бөлініп, жаңа жатақханалар құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, жас отбасылар мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмыс жасауға келген жас мамандар үшін баспана мәселесі алғашқы жарналық пайыздың жеңілдетілуімен шешім табуы мүмкін, - деді.

0
0
134

Еще по теме