САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының ғимаратында 11 - желтоқсан күні Сайлауалды штабының бірінші отырысы өтті. Науқанның басталғандығы жөнінде ресми мәлімдеме жасаған штаб төрағасы Рухолла Аманғалиұлы: «Біздің аудандық филиалдың штаб құрамында ауылдық округтарды қосқанда 39 адам бар. Олардың 24-і ауданнан, 2-еуі - облыстық деңгейге үміткер кандидаттар. Аудандық депутаттыққа үміткер 3 кандидат арнайы квотамен өткізілді. Кеше 1-участоктің белсенді жастары өздерінің сайлауалды үгіт-насихатын жүргізуді бастап кетті. Пандемия талаптарын ескере отырып, онлайн да офлайн да кездесулер кесте бойынша өтілуі тиіс. Осы уақытқа дейінгі «Nur Otan» партисының атқарған ауқымды істері, жеткен жетістіктері жетерлік. Елбасымыз салып кеткен сара жолды әрі қарай жүйелі түрде жалғастыру – парызымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбіріміз сайлауалды бағдарламамызды бағдармен таныстырып, халық үнін ескере отырып, еліміздің басты партиясын қолдауға атсалысайық», - деді жұмыс барысын түсіндіре келе. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының арнайы формасын табыс етіп, сайлауалды науқанға қатысушы кандидаттарға сәттілік тіледі.
