САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының ғимаратында Сайлауалды штабының бірінші отырысы өтті. Аудандық штаб төрағасы Б.Ахметжанова науқанның басталғандығы туралы ресми мәлімдеме жасады. Кешеден бастап ауданымыздың белсенді жастар өздерінің сайлауалды үгіт-насихатын жүргізуді бастап кетті. Пандемия талаптарын ескере отырып, онлайн да офлайн да кездесулер кесте бойынша өтілуі тиістігін атап өтті. Осы уақытқа дейінгі «Nur Otan» партисының атқарған ауқымды істері, жеткен жетістіктері жетерлік. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының арнайы формасын табыс етіп, сайлауалды науқанға қатысушы кандидаттарға сәттілік тіледі.
