Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТТАЛДЫ.

Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырып, «Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыруды жалғастырады.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен алдағы 5 жылда төмендегідей істер жүзеге асырылады:

• 2019-2021 жылдары өз ісін бастаймын деген жастарға жыл сайын «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4500 жасты оқытып, кемінде 2 000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлуін қамтамасыз етеді;

• «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға жағдай жасайды;

• 15 мыңға жуық жастарды жастар практикасына бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік береді;

• Жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл сайын 900 пәтерден 3 жылда 2700 пәтер беріледі;

• 2021-2022 жылдары студенттерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 2 500 орындық жатақхана салынады.

• Волонтерлік ұйымдарды қолдау мақсатында, үздік 10 жобаға 1 миллион теңгеден грант бөлінеді;

• Арнайы Коворкинг орталығы ашылады;

• Көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты іске асырылады.

• ЖАСТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, БАСПАНА, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ БОЛАДЫ.

10-қаңтарда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауында Nur Otan партиясына дауыс беріңіздер деп жастарды дауыс беруге шақырды!

0
0
206

Еще по теме

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТТАЛДЫ. - Yvision.kz