САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті достар! 📷
Бүгіннен бастап Маңғыстау облысының қала,аудандары үшін арнайы жасалған сайлауалды бағдарламаларымен әр күні таныстыратын боламын. Әр бағдарлама 7 тармақтан тұрады.
Сол қаланың немесе ауданның тұрғындарынан ұсыныстар мен шағымдарын күтетін боламын.
Белсенді болыңыздар!
Өзгерістерге бірге қол жеткіземіз!
Облыс орталығы, әсем қала Ақтауымыздан бастаймын.
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы бойынша
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Nur Otan» партиясы Ақтау қаласын дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
1.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ҚАЛА
«Nur Otan» партиясы әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін экономиканы құру міндетін алға қояды.
Жаңа жұмыс орындарын құрамыз.
Қала экономикасын тұрақты дамыту үшін бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайту және өңдеу өнеркәсібініңжаңа кәсіпорындарын құру және жұмысшылар санының қысқаруын алдын алу үшін шаралар қолдану қажет.
Бұл шаралар 2025 жылға қарай 30 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, оның ішінде 24 мың жұмыс орны, орташа жалақыны тұрақты түрде 274,5 мың теңгеден 302 мың теңгеге дейін арттыруға, жұмыссыздық деңгейін 4,9-дан 4,6%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
«Nur Otan» партиясы:
➢ Қала аумағында 9 жаңа жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыруға қол жеткізеді, олар:
• 2021 жылы дайын шыны пластик бұйымдарын өндіру, «Fiberglass Tank Production» (80 жұмыс орны, АЭА «Ақтау теңіз порты»);
• 2021 жылы жұмсақ буып-түю ыдысы-биг бэг өндірісі, «WestEcoPlast» (47 жұмыс орны, Ақтау теңіз Порты АЭА);
• 2021 жылы кабельдер мен трансформаторлар шығаратын зауыт салу, «Ақтау-ЭнергоМаш» (150 жұмыс орны, Ақтау теңіз Порты АЭА);
• 2021 жылы калий сульфатын, тұз қышқылын және кальций хлоридін өндіру, «ChemInvest» (30 жұмыс орны, Ақтау теңіз Порты АЭА);
• 2022 жылы каустикалық сода және хлор өндіру зауытын салу, «Topan Chemical Industries» (100 жұмыс орны, Ақтау теңіз порты АЭА);
• 2022 жылы минералдық тыңайтқыштарды қайта өңдеу зауытын жаңғырту, «ҚазАзот» (296 жұмыс орны, өндірістік аймақ);
Кәсіпкерлерге қолдау көрсетейік.
«Nur Otan» партиясы үшін Кәсіпкерлікті дамыту кәсіпкерлерді қолдаудың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Партия қаладағы іскерлік белсенділікті қалпына келтіруге, «Атамекен»ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын пайдалана отырып, ШОБ-тың жаңа кәсіпорындарын құруға көмектеседі.
Кәсіпкерлерді одан әрі қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясы:
➢ «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде кредит беру тетіктерін пайдалануға, оның ішінде жылына кемінде 50 жобаны субсидиялауға, кемінде 20 жобаны кепілдендіруге;
➢ 2025 жылға дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде кемінде 10 жобаны қаржыландыруға;
➢ 2021 жылға дейін жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін
200 грант бөлуге және «Еңбек» бағдарламасы бойынша 50 қатысушыға микрокредит беруге;
➢ 200 жұмыссыз тұрғындарды бизнес негіздеріне оқытуға (21-30 күн аралығы);
Туризм саласын дамытуға қолдау көрсетейік.
Ақтау қаласында жағажай және круиздік туризмнің даму әлеуеті бар. 2025 жылға дейін орналастыру орындарының санын арттыру, жағалау желісін абаттандыру және сервисті жақсарту есебінен туристер ағынының өсуі 2 есеге, яғни 160 мыңнан (140 мың – резиденттер, 20 мың – резиденттер емес) 320 мың адамғадейін күтілуде.
Сондықтан ішкі туризм экономиканы қалпына келтіру жағдайында қаланың даму драйверлерінің біріне айналуға қабілетті.
«Nur Otan» партиясы:
➢ 2021 жылы 500 орынға арналған «Aktau Resort» бес жұлдызды көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенінің 1-кезеңін аяқтауға;
➢ 2021 жылы «Приморский» ауданында аквапарк құрылысын аяқтауға;
➢ «Достар» қонақ үй кешенін кеңейту аясында аквапарк салуға;
➢ 2025 жылға қарай жол бойындағы сервисті, киім ауыстыруға арналған кабинкаларды, қазіргі заманғы автономды дәретханаларды, жағажай аймағын жинауға арналған арнайы машиналар мен жабдықтарды, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді қоса алғанда
20 жағажайды жабдықтауға;
➢ Қаланың рекреациялық (жағалау) аймағында көпқабатты құрылыстар салуға жол бермеуге;
➢ «Жартас жолы» бойындағы жағалауды абаттандыруға;
➢ 500-ден кем емес адамды туристік кәсіптерге, қонақ үй бизнесі мен мейрамхана ісіне кәсіптік оқытуға ықпал етеді.
#nurotan #nurotanaktau #bizbirgemiz
