САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ.
Сайқын ауылдық округінің Жәрмеңке елді мекенінде аудандық мәслихат депутаттары Л.Қайырғалиева, Б.Жұмағұлова, округ әкімі Н.Умарова,"Орда жұлдызы "газетінің тілшісі Р.Бахитова тұрғындармен кездесті. Тұрғындарға "Nur Otan"партиясынан сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы баяндап,ауданда атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтты. Кездесу барысында жол,жарық мәселесі бойынша сұрақтар берілді, тиісті мекеме, бөлімдерімен жолды тегістеу,жарық желілерінің жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша жұмыстанадықтарын жеткізді. Кездесу соңында қоғамдық қабылдау өтті.
