«Nur Otan» - еліміздің ең ірі, жетекші саяси партиясы. 1999 жылы негізі қаланған партияның қатарына миллиондаған қазақстандық қосылып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы болып отыр. Әрдайым халықтың пікіріне сүйеніп, мүддесі мен қажеттілігін біліп отыруды алдыңғы орынға қояды.
Партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жолында жасаған жұмыстарында шек жоқ деуге болады. Партияның қызметі өткенмен тоқтамақ емес, алға жылжып, жақсару, кемелдену бағытында дамымақ. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдың әл-ауқатын көтеру, медицинаға қолдау, дәрігерлердің жалақысын көтеру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең мүмкіндік, қарттарға қамқорлық, сапалы білім, заң, кәсіпкерлік, жалпы барлық салада прогресс жасауға мүдделі.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Nur Otan»-ның халықпен бірге еңсерген жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде облыстық сайлауалды штабтың басшысы Елубай Әбілов «Қазақтеңізфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлерімен өткен кездесуде айтып кетті. Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Қалым Бисенов пен Ахмет Салманов та сөз алып, әрбір ел азаматының саяси белсенді болуы мемлекеттің болашағы үшін маңызды екенін жеткізді. "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС Департамент директоры Қуаныш Есетов мекемеде 250-ге жуық адам қызмет ететінін айтып, әрбір азамат азаматтық позициясын жеткізуі әрі барлығы партияның жоспарлы жұмысымен танысуы үшін алдағы уақытта онлайн кездесулер өткізу ұсынысын білдірді. Себебі көп қызметкерлер Құрық, Баутиндегі жұмыс орындарында және қашықтан жұмыс жасауда.