САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ.
Бөкей ордасы ауданы аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасы Н.Даумовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын талқылау бойынша кеңес өтті. Кеңесте әр көрсеткіш бойынша жауапты мемлекеттік мекемелер басшылары ағымдағы жылдың 7 айында жол картасының орындалуы барысы, қауіптер мен қатерлер жөнінде баяндады. Кеңес соңында тиісті мекемелер басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.
