САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ОНЛАЙН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
1999 жылы негізі қаланған партияның қатарына миллиондаған қазақстандықты қосып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы болып отыр. Әрдайым халықтың пікіріне сүйеніп, мүддесі мен қажеттілігін біліп отыруды алдыңғы орынға қояды.
Партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жолында жасаған жұмыстарында шек жоқ деуге болады. Партияның қызметі өткенмен тоқтамақ емес, алға жылжып, жақсару, кемелдену бағытында дамымақ. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдың әл-ауқатын көтеру, медицинаға қолдау, дәрігерлердің жалақысын көтеру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең мүмкіндік, қарттарға қамқорлық, сапалы білім, заң, кәсіпкерлік, жалпы барлық салада прогресс жасауға мүдделі.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Nur Otan»-ның халықпен бірге еңсерген жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде облыстық мәслихат депутатына кандидаттар Серікбай Төлетов пен Бақтыбай Жайлау «Zoom» платформасы арқылы сайлаушылармен онлайн кездесуде толық таныстырып өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасының аймақтарға арналған басым бағыттарын айтты.
Эфирге тұрғындар, қала-аудандардағы бастауыш партия ұйымы мүшелері мен мәслихат депутатына түсіп жатқан кандидаттар да белсенді қатысты. Сұрақ-жауаптан бөлек, спикерлерге ұсыныстар да айтылды. Б.Жайлау барлық мәселе, ұсыныс маңызға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткзді.


