Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

📷Аудандық аумақтық сайлау комиссиясында отырыс өтіп, Т.Масин және Саралжын ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына түсетін кандидаттар тіркелгені мәлімделді.

📷Кандидаттардың екеуі «Nur Otan» партиясынан ұсынылса, екеуі өзін өзі ұсынған. Тартып айтсақ, Т.Масин ауылдық округі бойынша Меңдібай Қитанов «Nur Otan» партиясынан ұсынылса, осы ауылдың тұрғыны Айнұр Абдрешова өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелді.

📷Саралжын ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып Нарынбек Кереш «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. Ал Жоламан Сисенғалиев өзін-өзі ұсынған.

📷Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бағдат Лұқпанов жиналғандарды кандидаттардың өмірбаянымен таныстырды.

"Орда жұлдызы" газеті

#орда_ақпарат

#сайлау_2021

0
0
186

Еще по теме

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. - Yvision.kz