САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
«AMANAT» партиясының Сырым аудандық сайлауалды штабының жетекшісі аудан орталығы Жымпитыдағы "Жібек Жолы" супермаркетінде болып, ауыл тұрғындарын 19 наурызда өтетін сайлауға даыс беруге шақырды. Штаб жетекшісі Т.Даргужиев партияның сайлауалды бағдарламасындағы жоспарларымен таныстырды. Атап айтқанда, партия алдағы бес жылда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін 30 % -ға дейін арттыруға ықпал ететіндігін жеткізді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру үшін кадр тапшылығын жою, медициналық объектілерге күрделі жөндеу жүргізу, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғандығы туралы, сонымен қатар ауылшаруашылығы, білім беру, әлеуметтік мәселелер бойынша жоспарлар да түсіндірілді. Кездесу барысында жымпитылықтар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды. #AMANAT2023 #ДауысберAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023
