САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ
Алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Президент сайлауынан кейін Парламент, жергілікті мәслихат сайлаулары да, Үкімет құрамын қайта жасақтау секілді ауқымды шаралар күн тәртібінде тұр. Осының бәрі демократия жолымен, әділ сайлау арқылы жүзеге асырылмақ.
Қазір кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстыруда. Түгел танысып шықтым. Сенімді өкілдерімен де кездесіп, көкейімде жүрген сұрақтарыма жауап та алдым.
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Жаңа бастамаларға серпін бергелі тұр. Еліміз жаңаруды қалайды. Осы жолда баршамыздың жұмыла әрекет еткеніміз абзал. Мемлекет үшін маңызды мәселеде ден қойып, бірлігімізді көрсеткеніміз игі.
Сайлау күні лайықты үміткерге мен де өз дауысымды беремін. Сізді де сайлауға белсенді қатысуға шақырамын, құрметті замандас! Сайлауда әрбір дауыс маңызды.
Шолпан БЕГАЛИЕВА,
Түркістан облысы мәслихатының депутаты, "Turkistan bolashaq" гимназиясының директоры
