Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"САЙДАХМАТ АТА" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Г.Мамытқызы және Түркістан облыстық маслихаты мен Қазығұрт аудандық маслихатына үміткерлер «Сайдахмат ата» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу аясында партияының сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталып, кездесуге қатысқан үміткерлер әр сала бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

«Nur Otan» партиясының бағдарламасы белгіленген міндеттер тікелей өңірімізді, ауданымызды дамытуға бағытталған.

Түркістан облысының Қазығұрт ауданын ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шаралар ұсынылып отырғандығын және ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қызмет атқаруға және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын және ашық екендігі айтылды.

Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді бірге жеңіп шығатынымызға сенімдіміз және «Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратындығын, Партиямыздың міндеті – Қазығұрт ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау екендігін айтып, ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға шақырды.

Үміткерлре, кездесу соңында 10 қаңтар күні болатын сайлауға қатысуға және де «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

2
0
155

Еще по теме

"САЙДАХМАТ АТА" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz