САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін “Қасірет” мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Боздақтарды еске алу, құрмет көрсетуге «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы бастаған облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, барша партияластар, жастар қанаты, қала тұрғындары жиналды. 📌31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Саяси-қуғын сүргінге ұшыраған марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
