Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

- Бірінші партияның Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясын шақыру және күн тәртібін қалыптастыру, екінші Мәжілістің партиялық тізіміне қосылу үшін пікірсайысқа қатысатын үміткерлердің тізімін бекіту, үшінші партияның кезектен тыс XX Съезіне Алматы облысынан қатысатын делегаттардың тізімін облыстық конференцияның қарауына енгізу, - деген аймақ басшысы мәлелердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, бюро мүшелерінің даусына салды.

Қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XXVII конференциясының мерзімі 16 қараша өтетін болып белгіленді. ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық мәслихат депутаттығының партиялық тізіміне үміткерлерді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев таныстырды.

Олардың саны - 27. Қатарында өңірге қарасты барлық аудандармен Қапшағай, Текелі қалаларынан бір-бір кандидаттан, ал Талдықорғаннан 8 азамат бар. Олардың ішінде 8-і (30%) әйел, 7-уі (26%) жасты құрап отыр. Сонымен қоса, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезіне Алматы облысынан қатысатын делегаттардың тізімін конференцияның қарауына ұсынылды.

0
0
145

Еще по теме

САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz