Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЯСИ ДОДА БАСТАЛДЫ!

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Республикалық сайлауалды штабтың бірінші отырысы болып өтті.

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбектің айтуынша 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына барлығы 7 мыңға жуық ел танитын азаматтар жұмылдырылған. Олар енді үгіт-насихат жұмыстарына білек сыбана кірісетін болады.

Штаб отырысында Бауыржан Байбек шараға сайлаушыларды 100% қамту керектігін, бұл мәселе Елбасының жіті бақылауында екендігін тілге тиек етті. Сайлау басталғанға дейін үгіт-насихат топтары негізінен зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесуді жоспарлап қойған.

Белгілі болғандай, Республикалық сайлауалды штаб аясында 35 қала мен 82 ауданда 300-ден астам іс-шара өткізілмек.

Өздеріңізге белгілі, Nur Otan-дықтар жыл бойы өңірлерге барып, тұрғындармен кездесулер өткізді. Көптеген әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Арыз-өтініштер қаншама.

Тағы бір жаңалық, nurotan2021.kz арнайы сайтының іске қосылғандығы. Аталған сайтта барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жарияланған.

4
0
131

Еще по теме